Өңірлер

Павлодар облысында 36,2 мың га алқапта астық жиналды – әкімдік

Павлодар облысында бүгінгі таңда 36,2 мың га алқапта астық жиналды, 27,8 мың тонна өнім алынды, орташа түсімі – 7,7 ц/га, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар28 Тамыз , 15:03

Алдын-ала жасалған астық-жемшөп балансы бойынша болжанған жалпы өнім келесіні құрайды: астық дақылдары – 563,7 мың тонна, өнімділігі гектарынан 8,5 центнер, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 199,3 мың тоннаға немесе 54 %-ға артық, майлы дақылдар – 66,6 мың тонна өнімділігі гектарынан 4,6 центнер, бұл өткен жылғы деңгейден 24,6 мың тоннаға немесе 58 %-ға артық, картоп – 470,3 мың тонна, көкөніс – 188,8 мың тонна, бақша дақылдары – 60 мың тонна, бұл өткен жылғы деңгейден 87%-ға артық.

Бүгінгі таңда 36,2 мың га алқапта астық жиналды, 27,8 мың тонна өнім алынды, орташа түсімі – 7,7 ц/га. Күздік қара бидайды жинау жұмыстары 10,9 мың га алқапта аяқталды, 9,4 мың тонна өнім алынды, орташа түсімі – 8,6 ц/га.

Өнім алу жағынан Успен ауданы (18 ц/га) және Ертіс ауданы (15 ц/га) көш басында.

Егін жинау жұмыстарына 1934 астық комбайны, 955 жатка және 64 жемшөп комбайны жұмылдырылады.Күзгі дала жұмыстарына облысымызға 21 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді.

 




Яндекс.Метрика