Инвестициялар

Алматыда 300 орындық бірегей жаңа медициналық ұйым салынады

Астанада С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы және Қызылорда қаласындағы аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы бойынша мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің пилоттық жобалары алғаш рет ұсынылды, деп хабарлады ҚР ДСӘДМ.
Астана қаласы28 Тамыз , 14:32

Аталған жобалардың алғашқысы Қазақстан үшін бірегей болып саналады. Өйткені бүгінгі таңда республикамызда ешбір медициналық университеттің жанында студенттерге білім берумен қатар, халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсететін жеке клиникалық база жоқ. Жобаны жүзеге асыру шараларының аясында  С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен шетелдік университет клиникасының арасында серіктестік келісім жасау жоспарланып отыр. Бұл келісім жаңа технологиялар трансфері мен осы тектес медициналық ұйымдарды басқарудағы тәжірибені қарастыратын болады.

МЖС жобаларының Ұлыбритания, Германия, Түркия, Польша, Канада, Австралия, Япония және өзге де әлем елдерінде жүзеге асырылып жатқанын айта кету керек.

Бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктің ұзақ мерзімді формасы (30 жылға дейін) – концессия өзекті болып отыр. Ол жекеменшік серіктес инфрақұрылым обьектілерінің құрылысымен айналысумен қатар, оның сапалы қызмет етуін, пайдаланылуын, концессиялық келісім негізінде жаңартуын қамтамасыз етуге негізделген МЖС қатынастарын реттеуге мүмкіндік береді.

«Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жанындағы 300 орынға арналған көп салалы  аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы» концессиялық жобасының мақсаты – жеке инвестицияларды тарту, халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру, студенттерді оқытуға арналған заманауи клиникалық база жасау, дәрігерлерді қайта даярлау, сонымен қатар, ғылыми өзекті және клиникалық зерттеулер жүргізу үшін ҚР денсаулық сақтау саласына халықаралық компаниялардың жаңа технологиялары мен тәжірибесін енгізу болып саналады.  

«Қызылорда қаласындағы бір ауысымда 500 рет баруға арналған  аурухананың құрылысы мен эксплуатациясы» концессиялық жобасының мақсаты – Қызылорда қаласының тұрғындарын сапалы әрі қолжетімді алғашқы медико-санитарлық көмектің медициналық қызметтерімен қамтамасыз ету. Конциссионерді таңдау бойынша байқауды жариялау 2016 жылдың 2-3 тоқсанына жоспарланып отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жеке инвестиция тартудың негізгі механизмдерінң бірі болып саналады. Оның сәтті жүзеге асырған жағдайда бұл құралдың мемлекет, бизнес, республиканың әрбір азаматына пайда әкелері сөзсіз.  




Дерекнама

Яндекс.Метрика