Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Астанада Елбасының қатысуымен ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған халықаралық конференция өтуде

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірілік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын бастады. Шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысуда.
Астана қаласы28 Тамыз , 11:06

Конференцияға ҚР Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Конституциялық кеңесінің мүшелері, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық ұйымдардың делегациялары, яғни ЕҚЫҰ, ЕАЭО соты, БҰҰ, Еуропа кеңесінің Венеция комиссиясы және басқа да ұйымдар өкілдері қатысуда. Сонымен қатар конференцияға 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық және шетелдік танымал заңгер-ғалымдар шақырылды.

Ұйымдастырушылардың жоспары бойынша конференцияға қатысушылар қазақстандық конституциялық құрылыс тәжірибесін бағалайтын болады. Сонымен қатар, шетелдік қонақтар Қазақстанның қоғамдық-саяси, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету және сақтай білу жолындағы жетістіктерін талқылайды.

Бұдан басқа, конференция аясында «Қазақстан тренді: тоталитаризмнен демократиялық және құқықтық мемлекетке» атты кітаптың тұсаукесері өтеді.

«Онда мемлекет құрылысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың және Ата Заңның рөлі, 20 жыл ішінде Қазақстанның құқықтық даму аясындағы жетістіктері туралы шетел мемлекеттерінің, сондай-ақ қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың мақалалары мен пікірлері қамтылған», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Аталып өткендей, конференция жұмысы 29 тамыз Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде және Қазақ гуманитарлық заң университетінде жалғасады.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика