Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Ұлт жоспары: Алматы облысында өнеркәсіп саласында 23 жаңа нысан іске қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен облыста «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға бағытталған жұмыстар атқарылуда.Алматы облысында 5 бағыт бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, орындалу мерзімі, орындауға жауаптылар белгіленді, жасалған жоспарларды іске асыру жұмыстары басталды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Алматы28 Тамыз , 15:34

Мәселен, есепті мерзімде облыстың әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттарында тұрақты өсім қамтамасыз етілді. Өндірісте 298 млрд. теңгеден астам сомаға өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 98,4 % құрады. Өнеркәсіпте 23 жаңа нысан іске қосылып, қолданыстағы 5 кәсіпорын кеңейтілді.

Шағын және орта бизнес тұрақты даму үстінде. Жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 159,6 мыңға жетіп, 169,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Ал ауыл шаруашылығында өндірілген өнім көлемі 144,3 млрд. теңгені құрады. Агроөнеркәсіптік кешенде негізгі капиталған салынған инвестиция 9,5 млрд. теңге, бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 1,8 есеге артық.

Сессия жұмысын қорытындылай келе, депутаттар облыс әкімінің есепті мерзімдегі жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, өңірдің бұдан әрі де әлеуметтік-экономикалық өсімін қамтамасыз етуге, облыс халқының тұрмысын жақсарта түсуге бар күш-жігерін жұмсайтынына сенім білдірді.

Сондай-ақ сессияда 2015 жылға арналған облыс бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нафиса Сатыбалдинаның мәліметіне сүйенсек, облыстың 2015 жылға нақыланған бюджеті 343,8 млрд. теңгені құрады.

Сессия соңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес облыс әкімі А. Баталов «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалін аудан, қала әкімдеріне табыстады.

 




Яндекс.Метрика