Қазақстандық үлгі Тәуелсіздігіміздің игілігі

Конституция халқымызға таңдау құқығын берді – сарапшы

«Конституцияның алғашқы бабымен Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде таниды. ҚР Президентінің тануы бойынша, Қазақстанның конституциясы – еркіндіктің негізі болып табылады. Осылайша, Конституция Қазақстан халқына ең бастысы – таңдау құқығын берді, деп атап өтті Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Б.Дұзақбаев Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.
Астана қаласы 29 Тамыз, 11:43

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, «Конституция, мемлекеттің негізгі заңы ретінде Қазақстан халқының еркін білдіреді, оның «демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде танып, ондағы басты құндылықтар адам, оның өмірі, құқығы және бастандығы болып таыбалды».

«Негізгі заңға 2007 жылдың 18-ші мамырында парламенттің қос палаталарының отырысында енгізілген толықтыруларға сәйкес, мемлекеттік құрылым формасы бойынша Қазақстан президенттік-парламенттік басқару формасымен унитарлы мемлекет болып табылады.

«Конституция күні – қазақстандықтар үшін айтулы мереке. Астаналық ТЖ Департаментінде де Конституция күні – ерекше мереке. Еліміздің Бас заңы күнін атап өтуге арналған салтанатты жиын барысында құтқарушылар қатарын толықтырған қызметкерлер салтанатты түрде ант қабылдайды, қызметте ерекшеленгендерге төсбелгілер мен алғыс хаттар табыс етіледі. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен ұласады» , - деп атап өтті ТЖД-нің бастығы.

 





Яндекс.Метрика