Өңірлер

ҚР Ұлттық банкі «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясын жариялады

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2015 жылғы 28 тамыздан бастап номиналдық құны 50 теңгелік, нейзильбер қоспасынан «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан «Астана», «Алматы», «Көкшетау», «Шымкент» ескерткіш монеталарын айналысқа шығарады, деп хабарлады Ұлттық банк.
Казахстан28 Тамыз , 11:21

Ескерткіш монеталардың бет жақтарындағы (аверсіндегі) бейнелері бірдей.Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан.

Айналдыра шығыңқы жиек. «Астана» монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Астана қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген.

Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Көкшетау» монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Көкшетау қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2015» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген. Жазу мен сан нүктелермен бөлінген. «Шымкент» монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Шымкент қаласының гербі бейнеленген.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, әрбіреуінің таралымы – 50 мың дана. Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған. Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – Ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.

Ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға, аккредитивтерге есептеу үшін және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

 Әрбір атаудағы монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалды және арнайы пластикалық термовакуумды ораумен сатуға арнап шығарылды. «Астана» монетасы екі мың дана санмен «Қазақстанның қалалары» сериясының монеталарына арналған альбом түріндегі орауға оралған.




Яндекс.Метрика