Өңірлер

ҚР-да 241,5 млрд теңгенің 34 443 нысаны жария етілді

Қазақстанда осы жылдың 25-ші тамызына сәйкес сомасы 241,5 млрд. теңгенің 34 443 нысаны жария етілді, деп хабарлады Қаржы министрлігі.
Казахстан28 Тамыз , 10:49

Мүліктерді жария ету жөніндегі ҚР аумағында мүлікті жария ету бойынша жергілікті атқарушы органдардың жанындағы комиссияға жалпы сомасы 448,3 млрд тг құрайтын жылжымайтын мүлікті жария етуі ушін 47 019 өтініш түсті.

Оның ішінде  сомасы 327,0 млрд. теңгеге 39 155 тұрғын үй нысаны, сомасы 116,5 млрд. теңгеге 19 989 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 83,0 млрд.теңгеге 4 890 коммерциялық нысаны, сомасы 0,8 млрд. теңгеге заңды тұлғалардың 15 қатысу үлесі, сомасы 4,0 млрд. теңгеге бағалы қағаздар келіп түсті.

Сомасы 241,5 млрд. теңгеге 34 443 объект жария етілді.

Мүліктерді жария ету бойынша салық органдарына ҚР аумағынан тысқары, сомасы 636,5 млн тенге құрайтын 18 тұрғын үй объектісін жария ету бойынша өтініш келіп түсті.

Сомасы 632,1 млн. тг құрайтын 14 тұрғын үй объекті;сомасы 1,5 млн. тг құрайтын   1 тұрғын үй емес объекті, оның ішінде 1,5 млн. тг құрайтын  коммерциялық обьекті.

Сомасы 636,5 млн. теңгеге 17 объект  және бағалы қағаздар жария етілді.

ҚР ҰБ есеп деректері бойынша екінші деңгейлі банктердің 24.08.2015 жылғы жағдайы бойынша жалпы сомасы 74,7 млрд.теңге ақшаны жария етуге  161 жинақ шот ашылды, оның ішінде ақшаны жария еткені үшін алымның бюджетке 2,9 млрд.теңгесін төлей отырып, жинақ шоттан алынғаны 29,2 млрд.теңге. ҚР экономикасына инвестицияланғаны 38,4 млрд. теңге.

25.08.2015 жылына сәйкес 1-Н есебінің деректері бойынша «Мүлікті жария ету үшін алым» 206110  коды бойынша бюджетке іс жүзінде 3,0 млрд.теңге түсті.




Дерекнама

Яндекс.Метрика