Ақылды экономиканы дамыту

Қарағанды облысы республика бойынша өнеркәсіп өндірісі бойынша алдыңғы орында тұр

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес 2015 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өндірістің нақты көлем индексі - 108,8% құрады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды28 Тамыз , 10:19

Ағымдағы жылдың қаңтар-шілдесінде облыстағы өнеркәсіптік өнімнің көлемі 715,9 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі - 108,8%, бұл республика бойынша бірінші орын.

Тау-кен өнеркәсібінде және ашық кенді өңдеуде индекстің нақты көлемі 101,3% немесе 78,4 млрд. теңгені құрайды.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 520,8 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 112,6% құрады. Бұл республика бойынша бірінші орын.

Өнеркәсіптік инвестиция көлемі 118,2 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылға лайықты кезеңіне – 111,6%.

Өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 62,9% млрд. теңгені құрады немесе өткен жылға лайық қезеңіне – 120,4%.

 

Индустрияландыру картасына 517 млрд. теңге сомасына, 11 мың жаңа жұмыс орындарымен 90 жоба енгізілді.
 

 

 




Яндекс.Метрика