Мәдениетті жаңғырту

Жамбыл облысында Абайдың 170 жылдығына арналған конференция өтті

Жамбыл облысының әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен қазақ халқының ұлы ақыны, философ, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жыл толуына орай «Әлемге танылған Абай» атты облыстық конференция өткізілді.
Жамбыл 28 Тамыз, 09:51

Облыстың ІСБ хабарлағандай, конференция аясында Абай Құнанбаев оқулықтары көрмесіне шолу жүргізіліп, облыстық жас ақындар арасында Абай Құнанбаевқа арналған өлеңдер байқауы жарияланды. Байқау барысында әділқазылар алқасы қатысушылардың өлеңдерімен танысып, жеңімпаздарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды – Жақсылық Арайлы иеленсе, ІІ орынды – Сейдуалиев Шынболат пен Пренов Сәндібек өзара бөліссе, ІІІ орынды – Абылай Ғалия мен Жұмабеков Нұрлан өзара бөлісті.

Байқауға қатысқан үміткерлерге ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика