Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы

ИИДМБ: Қарағанды облысында 125,7 млрд теңгенің 61 жобасы жүзеге асырылды

Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес 125,7 млрд теңгенің 61 жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қарағанды28 Тамыз , 09:36

Индустрияландыру картасына 517 млрд. теңге сомасына, 11 мың жаңа жұмыс орындарымен 90 жоба енгізілді.

«Облыста 125,7 млрд. теңге сомасына, 4750 жаңа жұмыс орындары бар Индустрияландыру картасының 61 жобасы жүзеге асырылды.

Индустрияландыру картасының жобалары іске қосылғанынан бастап өндірілген өнеркәсіптік өнімнің сомасы 241,5 млрд. теңге, сонымен қоса 2015 жылдың 7 айы бойынша 41,6 млрд. теңге», - делінген хабарламада.

Олардың облыстың өнеркәсіп көлеміндегі еншісі – 5,8% құрайды, өңдеу өнеркәсібінде – 6,5%.

Бүгінгі күні, облыста 2015-2019 жылдарға арналған Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 394 млрд. теңге инвестиция көлемідегі 6 мың жаңа жұмыс орын құруымен 32 жобаны іске қосу жоспарлануда.

2015 жылы 80 млрд. теңге сомасына 750-ден аса жұмыс орнын құрумен 10 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде 3 жоба іске қосылған.Ағымдағы жылдың соңына дейін, жалпы сомасы 77,2 млрд. теңге құрайтын, 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Бұл жобалардың жүзеге асуы 596 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

2015 жылдың 1-ші жарты жылдығында өңірдің жүйе құрушы кәсіпорындарының тауарлар, жұмыстар және қызметтері бойынша қазақстандық қамтудың үлесі 73,7% немесе 114,7 млрд. теңгені құрайды, 2014 жылғы кезеңімен салыстырғанда 7,6% өсті.




Яндекс.Метрика