Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Жыл басынан бері 1,5 млн автокөлік тексерістен өтті – ҚР ИДМ

2015 жылғы 7 айдың қорытындысы бойынша техникалық қарап тексеруге 1 509 365 автокөлік (бұдан әрі - АКҚ) құралы ұсынылған, оның ішінде 1 330 317 АКҚ-ы техникалық қарап тексеруден өткен және 179 048 АКҚ-ы (160 731 жеңіл автомобильдері, 10 765 жүк автомобильдері, 5847 автобустар) бірінші реттен техникалық қарап тексеруден өте алмаған, деп хабарлады ҚР ИДМ.
Казахстан28 Тамыз , 09:21

2014 жылдың ұқсас мезгіліне сәйкес бірінші реттен техникалық қарап тексеруден өте алмаған АКҚ-ың саны 218 мыңды құраған.

Бұл ретте, көпшілік жағдайларда техникалық қарап тексерудің теріс нәтижесінің себептеріне тежеуіш жүйесінің (63 мың), рулмен басқарудың (16 мың), сыртқы жарық беру аспаптарының (90 мың), қозғалтқыштың (16 мың), қозғалғыш бөліктертері және асқыштарының (12 мың) ақаулығы әсер еткен.

Еске саламыз, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанның АКҚ-ы техникалық қарап тексеруден автомобильдің тіркелген орнынан тәуелсіз тек қана мамандандырылған техникалық қарап тексеру орталықтарында өткізуге міндетті. Бүгінгі кунге бұндай орталықтардың 475-і саналған, олардың жұмысымен 45 қала және 87 әкімшілік аудан қамтылған.

Барлық техникалық қарап тексеру орталықтары «Техбайқау» біріңғай ақпараттық жүйесіне қосылған, ол ақпараттың автоматты түрде берілуі мен өңделуін жүзеге асырады.

Техникалық қарап тексеруді жүргізу процедурасын ары қарай жетілдіру 2014 жылғы сәуірде «Жол қозғалысы туралы» ҚР Заңымен қабылданған келесі өзгерістермен қарастырылған:

-  жаңа жеңіл автокөліктер үшін техникалық қарап тексерудің өткізу мерзімінің 1 жылға ұзартылуы, яғни 4 жылға дейін;

-  техникалық қарап тексеруден өткізу туралы куәлік қағаз бланкілерінің күшін жою;

-  техникалық қарап тексеру кезінде көлік салығын төлеу жөніндегі құжат ұсынуды тоқтату;

-  ЖКО алып келетін автомобиль ақаулықтарын анықтамаған үшін  техникалық қарап тексеру операторынна жауаптылықты белгілеу;

-  техникалық қарап тексеру жүргізу тәртібінің бұзушылығы үшін техникалық байқау операторы жауапкершілігін күшейту;

Бұл Заң 2014 жылғы 20 қазаннан бастап заңды күшіне енді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 269-V Қазақстан Республикасының Заңымен  Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына өзгеріс енгізілді, атап айтканда:

- шыққан жылын қоса алғанда, шығарылғанына жеті жылдан аспаған, автомобиль көлiгi саласындағы кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын М1 санатындағы көлiк құралдары үшін техникалық қарап тексеруден өткізу мерзімінің 7 жылға ұзартылуы.

Бұл Заң 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыста.           

 




Яндекс.Метрика