Инвестициялар

Астанада БАӘ-мен бірлескен мектеп құрылысы басталды

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков Шейх Халиф бен Зайд Аль Нахайян атындағы мектеп құрылысын бастау рәсіміне қатысты. 1200 орынға лайықталған орта мектеп Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің ортақ жобасы, деп хабарлады қала әкімдігі.
Астана қаласы 27 Тамыз, 20:58

«Біріккен Араб Әмірліктерінің Астанада жаңа білім беру мекемесін салу сияқты әлеуметтік жобаны қаржыландыруы екі ел арасында қалыптасқан серіктестіктің жоғары екенін көрсетеді. Бұл, ең алдымен, екі ел басшыларының өзара сенімге құрылған қарым-қатынасы негізінде мүмкін болып отыр», - деді қала басшысы.

Әкімнің айтуынша, аталған жоба – Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен БАӘ Президенті Шейх Халиф бен Зайд Аль Нахайян арасындағы келісім нәтижесінде жүзеге асырылып отыр.

 Мектеп БАӘ тарапынан бөлінетін қаржыға салынады. БАӘ жалпы инвестициясы 13 миллион АҚШ долларын құрайды. Атап өту керек, Астана білім мекемелерін салу және тапсыру бойынша елімізде алдыңғы қатарда келеді.

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика