Ұлттың денсаулығы

Н.Назарбаев: Қазақстанда жүрекке ашық ота жасаудан Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бірінші орынды иеленеді

Мемлекет басшысы «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Тамыз , 19:54

Кездесу барысында Қазақстанда медицинаны, соның ішінде кардиохирургиялық және кардиологиялық қызметті дамыту перспективалары талқыланды.

Қазақстан Президенті кардиохирургиялық ота жасатуға мұқтаж адамдардың саны аз уақыт бұрын ғана 10-15 мың адамға жеткенін айтты.

«Біз бұл адамдарға жәрдем бере алмадық. Мүмкіндігі барлар шетелге шықты. Алайда бәрінің шамасы келмеді, адамдардан айрылып жаттық. Ал бүгінде елордада және Қазақстанның көптеген облыстарында жүрекке ашық оталар жасалады. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бірінші орынды иеленеді, ол қазірдің өзінде ТМД елдерінде және әлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Орталықта жасалған операциялар сондай-ақ Қазақстанның үлкен имидждік жобасына да айналды, бірақ ең бастысы – көптеген адамдардың өмірін сақтап қалып жатырмы»з, – деді Мемлекет басшысы.

Ю.Пя жеке өзінің және бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа кардиохирургия орталығын құрғаны үшін алғыс айтты.

 «Сіз оны ашқан кезде мұны сарай деп бағаладыңыз. Шынында да солай, мұнда нағыз ғажайыпты жасауға болады. Бүгінде біздің орталықты Қазақстан ғана емес, бүкіл әлем біледі. Мысалы, бірер күнде бізге Еуропа елдерінен 30-ға жуық маман келіп, тәжірибемізді көреді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында бүгінгі таңда тек біздің республикада ғана қолданылатын ота әдісін енгізе алдық. Соның нәтижесінде біз еуропалық мамандар келіп танысатындай тәжірибеге ие болдық», – деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы.

 




Яндекс.Метрика