Басқару

ҚР Бас прокуратурасы: Қазақстан азаматтары ұылмыс туралы өтінішті электронды түрде жібере алады

Қазақстан азаматтары ұылмыс туралы өтінішті электронды түрде жібере алады, деді Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде.
Астана қаласы27 Тамыз , 19:32

«2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстанда Жаңа процессуалдық кодекс енгізілді, оның әзірленуінде  халықаралық тәжірибе қолданылды. Кодекске сәйкес, іс бірыңғай реестрге тіркелген уақыттан бастап қарала бастайды. Аталмыш ресурс электронды форматта әзірленді», - деді Бас прокурор.

А.Дауылбаевтың айтуынша, ресурс арқылы азаматтар өздерінің өтініштерінің тағдырын қадағалап отырады.

«Қолайлы жағда  туғызу мақсатында Бас прокуратураның сайты арқылы өтініш жіберу қарастырылған. Реестр қызметінде электронды құжатты толтырудың үлгілері бар», - деді ол.

Бас прокурор атап өткендей, бұл жүйені дамыту қылмыстық істерді қарауды электронды форматта қарауға мүмкіндік береді.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика