Президент тапсырмаларының орындалуы

Индустриаландыру картасы бойынша Қарағанды облысында 46 жоба енгізілді

Индустриаландыру картасы аясында Қарағанды облысында 46 жоба енгізілді, деп мәлімдеді облыс әкімі Бауыржан Әбдішев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде.
Қарағанды25 Қазан , 11:30

«Индустриаландыру картасына 12 мың жұмыс орнын қамтитын 500 млрд-тық инвестициямен 70 жоба кіреді. Енгізілгені 46 жоба, бұл 3,5 мың жұмыс орны. Осы жобалардың 28-і жоспарланған қуаттылығына жетіп үлгерді. Жыл соңына дейін 32 жоба жоспарланған қуаттылыққа жеткізілсе, қалғандары келесі жылы орындалатын болады», - деді Бауыржан Әбдішев.

«2011 жылы «Сары Арқа» арнайы экономикалық жобасы құрылды. Жалпы көлемі оның 500 га құрайды. Қызметтің салалық басымдылықтары толықтай еліміздің экономикасының негізгі саласына бағытталған. Нысандар құрылысының белсенді кезеңі мен өнімдерді шығара бастау келер жылға жоспарланған. 2020 жылға қарай біз 5 мыңдай жұмыс орнының ашылуы мен 300 млрд инвестицияның құйылуын күтеміз», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы арнайы экономиклық аймақтардың жұмысына сын айтқан болатын.

«Атырау облысында АЭА базасында бар болғаны 3 жоюа іске асырылған. Алматы мен Павлодар облыстарында мүлде жоқ», - деген еді ҚР Президенті.

Осыған орай, Мемлекет басшысы Үкімет басшысына АЭА бойынша сараптама жасап, жұмыс істемегендерін қысқартуды тапсырған.

 

 

 

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика