Басқару

Қ.Мами: Қазақстандық әділет жүйесінің одан әрі дамуы 5 институционалды реформада көрсетілген

Қазақстандық әділет жүйесінің одан әрі дамуы Елбасымен анықталып, 5 институционалды реформада көрсетілген, деп хабарлады ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мами Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде БАӘ Жоғарғы сотының Федералды төрағасы Абдола Уахаба Абдоланың «Ежелгі Әмірліктердің сот төрелігінің тарихы» кітабының таныстырылымы барысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 18:39

«Бұл осындай тақырыптағы тек Әмірліктегі ғана емес, өзге елдердегі алғашқы кітап. Біз осындай беделді ғалымның еңбегі Қаақстанда аударылғанына және ЕҰУ қабырғасында таныстырылып жатқанына қуаныштымыз. Заманауи әділет адамдар мен органдардың құқығын, еркіндігін қорғауды басты назарға алған. Бұл сот органдарының тәуелсіздігін нығайту, әділеттіліктің қолжетімділігін арттыру  арқылы қол жеткізілетін дүние», - деді Қ.Мами.

Осы ретте ҚР Жоғарғы сотының төрағасы еске салып өткендей, қазақстандық әділет жүйесінің одан әрі дамуы Елбасымен анықталып, 5 институционалды реформада көрсетілген.

«Екінші реформаға сәйкес «Заң үстемділігін қамтамасыз ету» мақсатында еліміздің құқықтық жүйесін дамыту шаралары қарастырылған. Біз сот жүйесін тереңірек жаңғыртуға және әділеттің халықаралық стандарттарын енгізуге бағдар алып отырмыз», - деп атап өтті.

Анар Тәңірқұлова 




Дерекнама

Яндекс.Метрика