Халықаралық интеграция

Астанада А.У.Абдоланың «Ежелгі Әмірліктердің сот төрелігінің тарихы» кітабы таныстырылды

Астанада Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде БАӘ Жоғарғы сотының Федералды төрағасы Абдола Уахаба Абдоланың «Ежелгі Әмірліктердің сот төрелігінің тарихы» кітабының таныстырылымы өтті.
Астана қаласы27 Тамыз , 18:23

«ҚР Жоғарғы сотының төрағасы, әріптесім Қайрат Мәмиге  ҚР Конституциясының 20 жылдығына арналған шараға шақырғаны үшін, алғыс пен ризашылығымды білдіргім келеді, сондай-ақ, қазақстандықтарды маңызды оқиғамен құттықтағым келеді. Сондай-ақ, менің кітабымның орыс тілінде шығуына үлес қосқан үшін алғыс білдіргім келеді. Құрметті төраға, мен сіздің бастамаңызды өте жоғары бағалаймын, себебі мен бұл істі сіздің екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқалы отырған үлесіңіз деп білемін. Сондықтан, аталмыш аударма біздің достығымыздың символы болып табылады», - деді Абдола Уахаб Абдола.

Өз кезегінде ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Қайрат Мәми кітап тек замандастарға ғана емес, болашақ ұрпаққа да өте қызықты. Сондай-ақ, ол атап өткендей, автор атап өткен біріккен араб әмірлігінің басқару әдістері қазақтың билерінікіне ұқсас  болып келеді.

«Бүгін доктор өзінің «Ежелгі Әмірліктердің сот төрелігінің тарихы» кітабын таныстырды. Мен аса қызығушылықпен бұл кітапты қарап шықтым. Меніңше, бұл кітап тек замандастарға ғана емес, келер ұрпаққа да өте қызықты болуы керек. Көп жылдар бойы Азия мен Африканың халықтары дәстүрлі және салт-дәстүрлік басқаруларды исламмен біріктіріп жүзеге асырды. Автор атап өткен біріккен араб әмірлігінің басқару әдістері қазақтың билерінікіне ұқсас  болып келеді», - деді Қ.Мәми.

Айта кетерлігі, шараға Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е.Садықов  пен профессорлық-ұстаздық құрамы қатысты.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика