Басқару

ҚР Ұлттық банкі теңгелік депозиттерің өтемақысын 5 қыркүйекке дейін растайды

ҚР Ұлттық банкі теңгелік депозиттерің төлемақысын 5 қыркүйекке дейін растайды, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызмет ісі бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Астана қаласы27 Тамыз , 16:49

Оның айтуынша, бүгінгі таңда Қазақстанның жаңа ақша-несие саясатына көшу бойынша курс бағамының айырмашылығына байланысты өтемақы төлеудің бағдарламасын әзірлеу бойынша арнайы комиссия құрылды.

«Өздеріңізге мәлім, Елбасының тапсырмасы бойынша барлық теңгелік қарыздар млн-ға дейін болса өтемақы төленеді. Ұлттық банк төрағасының тапсырмасы бойынша арнайы комиссия құрылды. Олар 1 қыркүйекке дейін өтемақы механизмін дайындап берулері керек, 2015 жылдың 5 қыркүйегінде Ұлттық банк бұл бағдарламаны растауы керек», - деді ол.

Ола атап өткендей, ұлттық теңгеде салымын 1 млн –ға жеткізіп жинаған салымшы ұмыт қалмайды.

Айта кетерлігі, жұмыс тобының құрамына екінші дәрежелі банктің өкілдері, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының өкілдері, Ұлттық банк өкілдері енеді.




Яндекс.Метрика