Халықаралық интеграция

ТМД БПҮК одан әрі ынтымақтастық жүргізу бойынша қорытынды құжатқа қол қойды

Астанада ТМД БПҮК одан әрі ынтымақтастық жүргізу бойынша қорытынды құжатқа қол қойды. Ол прокурорлық бақылау мен тәжірибе алмасудың одан әрі жалғасуын қарастырады.
Астана қаласы 27 Тамыз, 16:37

РФ Бас прокуроры Юрий Чайка форум делегатының құрамымен бір ауыздан ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Өз кезегінде, Беларусь Республикасының бас прокуроры Александр Конюк шараға қатысушыларды 2016 жылы Беларусьта өтетін ТМД БПҮК 26-шы отырысына шақырды.

Қорытынды құжаттарға қол қойылғаннан кейін ТМД  органдары мен прокуратураларының өкілдерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Жалпы, шара барысында қатысушылар бас прокурорлардың ақпараттық жүйені енгізулері, қылмыспен, жемқорлықпен күрес тәжірибесі талқыланды.

Ботагөз Айтжанова

 

 





Яндекс.Метрика