Басқару

Халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі ипотеканы қайта қаржыландыру кезінде мемлекеттік баждан босатылады – Ұлттық банк

ҚР Ұлттық банкі халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі ипотеканы қайта қаржыландыру кезінде мемлекеттік баждан босатуды өз мойнына алып отыр, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызмет бойынша тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев.
Астана қаласы27 Тамыз , 16:32

«Ұлттық банк халықтың әлеуметтік аз қамтылған бөлігі ипотеканы қайта қаржыландыру кезінде мемлекеттік баждан босатуды өз мойнына алып отыр. Бұл проблемалы қарызгерлердің 5-10 пайызын құрайды. Бұл бағдарламаның жылдам жүзеге асып, әлеуметтік аз қамтылған халық бөлігіне көмектесуге мүмкіндік береді», - деді А.Терентьев.

Ал бағдарламаға қатысып отырған  әлеуметтік борышкерлер үшін мемлекеттік бажды төлеу сол қалпында сақталады. ҚР ҰБ екінші дәрежелі банктерге борышкерлерге бірыңғай төлеммен баж салығын төлеуге мүмкіндік беруін сұрап отыр.

Айта кетейік, қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыру үшін 130 млрд теңге бөлінді, ол 25 мың проблемалы борышкерді қамтуға мүмкіндік береді.

 




Яндекс.Метрика