Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі - «Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы алғаш рет ашық есік күндерін өткізді

24-25 қазанда Астанада Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы ашық есік күндерін өткізді, деп хабарлайды ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы25 Қазан , 11:35

«Ашық есік күндерінде мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жөніндегі жаңа заңнаманы түсіндіруге бағытталған бірнеше шаралар қамтылған», - делінген хабарламада.

Шаралар қатарында «Қазақстанда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамытуға арналған жаңа заңнаманың мүмкіндіктері» атты дөңгелек үстел, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралы арқылы мемлекеттік, жеке меншік және мемлекеттік сыңайлы ұйымдарды оқыту, құжаттарды дайындау, басқару мен мониторинг жасау туралы түрлі семинарлар бар.

Сонымен қатар, бюджеттік инвестиция саласындағы сарапшылармен тақырыптық кездесулер өткізіледі.

Хабарламада айтылғандай, Ашық есік күндері республиканың аймақтарында да ұйымдастырылмақ.

 




Яндекс.Метрика