Басқару

Ұлттық банк 25 мыңнан астам ипотекалық қарызға қолдау көрсетпекші

Ұлттық банк 25 мыңнан астам ипотекалық қарызды қолдау шараларымен қамтуды көздеп отыр, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкы қаржы қызметтерін тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің директоры Александр Терентьев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Тамыз , 16:23

Аталып өткендей, Ұлттық банк ипотекалық заемдарды қайта қаржыландыру мақсатында 130 млрд теңге бөлді.

«Бұл бағдарламамен біз 25 мыңнан астам заемшыға қолдау көрсетуді көздеп отырмыз, олардың ішінде 5-7 мыңы әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендер санатынан. Бұл 2004-2009 жылдары қарыз алған проблемалы займдардың барша тобы»,  деді А. Терентьев.

Оның айтуынша, шын көмекке мұқтаж жандардың қатарында  көп балалы отбасылар, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар және денсаулығы бойынша мүгедектер бар.

«Баса айтқым келетіні бұл бағдарламада талаптар өте қатал. Басты критерий бұл мүлік заемшының жалғыз мүлкі болуы керек. Яғни бұл бағдарлама шынымен мұқтаж жандарға арналған, демек  жалғыз баспанасы барларға, екіншісі қиын жағдайға душар болғандар»,  деп түсіндірді А. Терентьев.

Сонымен қатар, бағдарламаға екінші деңгейдегі банктерге өтініш тастаған заемшылар ғана қатыса алады.

Бұдан басқа, әкімдіктер жанына арнайы комиссиялар құрылды, олар заемшыларға бағдарламаға қатысуға не себепті өтініштері қабылданбағанын түсіндіреді.




Дерекнама

Яндекс.Метрика