Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Прокуратура органдарының жұмысына автоматтандырылған жүйені енгізу бюджеттік қаржыны 32 пайызға үнемдеуге жол ашты

Прокуратура органдарының жұмысына автоматтандырылған жүйені енгізу бюджеттік қаржыны 32 пайызға үнемдеуге жол ашты, деді Бас прокурор Асхат Дауылбаев.
Астана қаласы27 Тамыз , 16:17

«Прокуратура органдарындағы құжат айналымы «Қадағалау» жүйесі бойынша жүзеге асырылады. Бұл жүйе өңдеу, іріктеу, жинау жұмыстарын автоматтандыруға мүмкіндік береді. Аталмыш ресурс бірыңғай ақпараттық кеңістік құрды, ол жұмыс уақытын тиімді қолданып, қағаз жұмыстарын қысқартуға мүмкіндік береді», - деді ол.

Электронды құжаттардың үлесі 77 пайызды құрады. Бұл жүйенің енгізілуі бюджеттік қаржыны 32 пайызға дейін үнемдеді.

«Құжат айналымының автоматтандырылуы прокуратура қызметкерлерінің ақпаратына белгілі қолжетімділікті ашты. Біз электронды құжатты жеткізетін уақытты жұмысқа керегінше қысқарттық», - деді ол.

Индира Кауметова




Дерекнама

Яндекс.Метрика