Халықаралық интеграция

Ю.Чайка: РФ Прокуратурасы ТМД-мен лаңкестікке күрес саласында ынтымақтасуға мүдделі

РФ Бас прокуратурасы лаңкестік пен эксремизммен күресті жан-жақты дамытуға дайын, деді РФ Бас прокуроры Юрий Чайка Астанадағы ТМД-ға мүше елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 16:14

«Соңғы жылдары әлем бойынша лаңкестіктің белсенділігі байқалуда. Бізді белсенді әскери оқиғалар ТМД елдерінің шекарасынан алыс емес аймақтарда орын алғаны алаңдатады. Ресейде лаңкестік пен эксремизммен күрес саласында құқықтық негіз қалыптасқан», - деді ол.

Оның айтуынша, РФ Президенті 2014 жылы  2025 жылға дейін лаңкестікке қарсы стратегияға қол қойғаннан бастап 10 федералды заң қабылданды.

«Бұқаралық үндеулер мен экстремистік қызметтерді жүзеге асырушылар үшін қылмыстық жауапкершілік орнатылды. Экстремизмдік тұрғыдағы материалдарды интернет-ресурстары арқылы таратуға тиым салынды», - деді Ю.Чайка.

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика