Басқару

ОСК ҚР Сенатының депутаттары Р.Түсіпбеков пен Қ.Саудабаевқа куәлік пен төс белгілерін табыстады

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековты және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевты тіркеді, деп хабарлады ОСК баспасөз қызметі.
Астана қаласы27 Тамыз , 17:52

2015 жылғы 26 тамызда «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының және Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 26 тамыздағы Жарлығына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы Рашид Төлеутайұлы Түсіпбековты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде тіркеді. 

Сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 12-, 45-, 46-баптарына, 97-1 бабының 5-, 6-тармақтарына және 98-бабына сәйкес Ортсайлауком «Нұр Отан» Патиясының жетекші органының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының босаған мандатын «Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қанат Бекмырзаұлы Саудабаевқа беру туралы қаулы қабылдады. 

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қ.Т. Тұрғанқұлов тіркелген депутаттарға белгіленген үлгідегі тиісті куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды. 




Яндекс.Метрика