Басқару

Бас прокуратура 5 институционалды реформаны жүзеге асыру аясында қылмыстық географиялық карта жасақтады

Бас прокуратура Елбасының тапсырмасы аясындағы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша қылмыстық географиялық картаны жасақтады, деп хабарлады ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Астанадағы ТМД-ға мүше елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 15:47

«Бас прокуратура Елбасының тапсырмасы аясындағы 5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша қылмыстық географиялық картаны жасақтады. Ол бойынша азаматтар қоғамдық қауіпсіздіктің ағымдағы жағдайын біле алады», - деп мәлімдеді Бас прокурор.

Оның айтуынша, Интерактивті картаны Сотқа дейінгі тергуе реестрімен байланыстыру арқылы құқық қорғау органдары қйж жерде, қандай уақытта, қандай қылмыс жасалғаны туралы ақпаратқа қол жеткізді.

«Бұл карта бірінші кезекте полиция органдары үшін пайдалы, олар жедел түрде қылмыстық әрекеттердің ошақтарына қарсы әрекет етеді. Сонымен қатар адамдарға өздерінің мобильді құрылғыларына интерактивті картаны қоса алады және оларға да мәліметтер келіп тұрады», - деп жалғастырды ол.

А. Дауылбаев атап өткендей, жол-көлік оқиғаларын картасын жасақтауда да осындай принціп пайдаланылған болатын, ол Бас прокуратураның сайтында барша азаматтар үшін қолжетімді.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика