Халықаралық интеграция

С. Лебедев: ТМД аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша бар күшін салуда

ТМД елдері аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша бар күштерін біріктіруде саяси мүмкіндіктерін ортаға салуда, деп хабарлады ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы Сергей Лебедев Астанадағы ТМД-ға мүше елдері бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-ші отырысында.
Астана қаласы27 Тамыз , 15:32

«Ирак пен Левант ислам мемлекетінің (ИЛИМ) қызу әрекеттері үлкен қауіп төндіріп отыр, олар Еуразиялық құрлыққа қайта-қайта ене береді және Орталық Азия елдерінің шекарасында жақсылап орнығып алған. Заманауи терроризм қазіргі таңда трансшекаралық ұйымдастырылған қылмыспен ұштасып отырады. Мұндағы басты себеп ұдайы қаржыландыруды қажет ету болып табылады», - деді С. Лебедев.

Комитет төрағасы атап өткендей, ақпараттық кеңістік саласыда үлкен тәуекелдерге душар болып отыр.

«Бір жақынан ақпараттық салада үлкен беделін кей  тараптар тек экономикалық емес, сонымен қатар әскери-саяси мақсаттарына жету үшін пайдалануға тырысуда. Ал, басқа ақпараттық кеңістікте  интернетте исламшылар мен экстремистердің көптен шоғырлануы артуда», - деп толықтырды С. Лебедев.

Оның айтуынша, олар өздерінің қырып-жою идеяларын дәріптеуде және жастардың ішінен өздерін қолдайтындарды табу үшін ақпараттық насихаттау жұмыстарының белсенділігін арттыруда.

«Осындай жағдайда ТМД елдері аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту бойынша бар күштерін біріктіруде бар саяси мүмкіндіктерін ортаға салуда», - деп атап өтті ол.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика