Басқару

Қазақстанда прокуратура органдары «құқыққорғау жүйесінің негізі» рөлін атқарады - Бас прокурор

Қазақстанда прокуратура органдары «құқыққорғау жүйесінің негізі» рөлін атқарады, деді Бас Прокурор Асхат Даулбаев ТМД елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесінде.
Астана қаласы27 Тамыз , 15:26

«Қазақстанда прокуратура органдары жоғарғы бақылау қызметінен бөлек «құқыққорғау жүйесінің негізі» қызметін атқарады. Мұндай статустың күші арқылы біз құқыққорғау органдары мен өзге қызығушылық танытқан органдар арасында ақпараттық алмасуды қалыптастырдық», - деді ол.

А.Дауылбаев атап өткендей, бұл жүйелердің операторы болып Бас прокуратура жанындағы Арнайы есеп пен құқықтық статистика комитеті айналысады, олар автоматтандырылған режімде қылмыстық туралы ақпарат пен сот үрдісінің қорытындысы, прокурорлық тексерістер мен тұрғындар өтініштерін қарау бойынша ақпарат береді.

«Бұл іс сегіз ақпараттық жүйеде сақталған, оған барлық қызығушылық танытқан мемлекеттік және құқыққорғау органдарына алыстан бақылау тәртібі сақталды», - деді ол.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика