Өңірлер

Ақмола облысында бассейндерді салу бойынша жұмыстар жүргізілуде

Бұланды және Шортанды аудандарында Сандықтау ауданында дене шынықтыру –сауықтыру кешені мен жүзу бассейндерінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады облыстың ІСБ жанындағы «Ақмола медиа орталығы».
Ақмола28 Тамыз , 09:06

Облыстың дене шынықтыру  және спорт басқармасының мәліметінше, бүгінгі таңда Ақмола облысында дене шынықтыру мәдениетінің 1 146 ұжымы жұмыс істейді, 169 025 адам спортпен айналысатындар, оның 97 956-сы ауылдық жерлерден.

Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін Ақмола облысында 2225 спорт жабдықтары бар, оның 1583-і ауылда.

Сондай-ақ, өңірде 4 млн 946,6 мың теңгенің қондырғысы алынды, Ақкөл  балалар және жасөспірімдер орталығында жөндеу жұмыстары жүруде. Көкшетауда триатлон бойынша орталық жөндеуден өтуде, аталмыш нысандарға 60 879,6 мың теңге бөлінді.

 




Яндекс.Метрика