Халықаралық интеграция

Қазақстан МАГАТЭ-ны ядролық қуаттылықтарды бейбіт мақсатта пайдалану бойынша технологияларды дамыту шараларына қолдау көрсетуге шақырды

Қазақстан МАГАТЭ-ны ядролық қуаттылықтарды бейбіт мақсатта пайдалану бойынша технологияларды дамыту және осы саладағы білімді тарату шараларына қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов.
Астана қаласы27 Тамыз , 14:58

«Қазақстан осы салада жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін білдірді,сондықтанда МАГАТЭ-ны ядролық қуаттылықтарды бейбіт мақсатта пайдалану бойынша технологияларды дамыту және осы саладағы білімді тарату шараларына қолдау көрсетуге шақырамыз», - деді министр.

Оның айтуынша, МАГАТЭ-ға Қазақстанның мүшелік етуі оның халықаралық серіктес екенін растайды. «Еліміздің ядролық материалдармен жұмыс істеуде тәжірибесі мол және барлық инфрақұрылымдары бар. Оның үстіне Өскемеінніңде МАГАТЭ-ның банкын орналастыру бойынша тәжірибесі жетерлік және қауіпсіздік шаралары да толығымен ескерілген», - деді ҚР СІМ басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстанның аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтті.

Индира Кауметова




Яндекс.Метрика