Халықаралық интеграция

Қазақстан мен МАГАТЭ астық өнеркәсібі мен су ресурстарында ядролық энергияны қолдану бойынша серіктестік бола алады

Қазақстан мен МАГАТЭ астық өнеркәсібі мен су ресурстарында ядролық энергияны қолдану бойынша серіктестік бола алады, деді Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қою салтанаты барысында ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов.
Астана қаласы27 Тамыз , 14:31

«Мен жаңа ғана дәрігер Аманомен жаңа саланы талқыладым, біз онда өз серіктестігімізді дамыта аламыз. Бұл ядролық энегрияны астық өнеркәсібі мен су ресурстарында қолдану. Меніңше, бұл Қазақстан мен МАГАТЭ арасындағы жаңа серіктестік құрудың тетігі болып саналады», - деді министр.

ҚР СІМ атап өткендей, аз байытылған уран банкін өз аймағында орналастыруға мүмкіндік берген Қазақстан   бұқаралық қаруды жоюға септігін тигізуде, ядролықжанармай кезеңінде қауіпсіздік пен сенімділіктің механизмін қалыптастырады.

«ҚР президенті советтік жүйенің бөлігі болып тұрған кезде де барлық ядролық полигондарды жабуды ұсынды, бұл пікірлерді халық бірауыздан қолдады.  АҚШ, Ресеймен бірге жұмыс істеу отырып біздің сарапшылар  ел аумағындағы  ядролық қарудан бас тартты. Біз өзге елдер де ядролық қарудың зиянын көргенін қаламаймыз, сол үшін де Қазақстан келісімдерге қол қойды, бұл орайда Семей полигонының жабылуына байланысты жыл сайын мереке өткізуді ұсынған БҰҰ бастамасын қолдап отыр», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Яндекс.Метрика