Адамзаттық капитал

ҚР Әскери-әуе күштерінің Ан-72 экипаждары қысқартылған ұшу-қону жолағынан ұшыру және қондыруды пысықтады

ҚР Әскери-әуе күштері әскери-көліктік авиациясының ұшқыштары жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Ан-72 ұшағымен Бейнеу және Жаңаөзен әуе айлақтарында оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады Ұшу барысында ұшуды басқару техникасы, қысқартылған ұшу-қону жолағына қондыру және ұшыру кезінде экипаждарды радиотехникалық құралсыз қондыру іс-қимылы пысықталды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 27 Тамыз, 20:17

Аталған ұшулар бойынша жас командир капитан Қуаныш Темірғалиев, сондай-ақ әуе кемесі командирінің көмекшісі лейтенант Бақтияр Ақмұрзинов және Мәлік Оңғаров тәжірибе жинақтады.

 «Аэродинамикалық ерекшеліктерінің арқасында Ан-72 ұшағы қысқартылған ұшу-қонуды орындауға мүмкіндік береді. Қозғалтқыштардың ұшақ қанатының жоғарғы бөлігінде алдыға шығыңқы орналасуы ұшу және қону кезінде қозғалтқышқа бөгде хзаттардың түсуіне жол бермейді. Ұшқыштар жүктелген міндеттерді толық атқарып, ұшу мақсатын орындады», - деп ұшқыш-нұсқаушы полковник Игорь Бейлин атап өтті.

Бейнеу және Жаңаөзен әуе айлақтары 80 жылдары пайдалануға берілгенін айта кеткен жөн. Оның шамамен 1700 метр болатынұшу-қону жолағы іс жүзінде пайдаланылмайды. Қазақстандық ӘӘК С-295 әскери-көліктік ұшағын Бейнеу әуе айлағына қондыру жүзеге асырылып келді.

 





Яндекс.Метрика