Басқару

ЭЗИ мемлекеттік органдар үшін әлемдегі жағдайлардың дамуы туралы болжамдарға сүйене отырып ұсыныстар жасақтады

Экономикалық зерттеулер институты тұрақты түрде әлемдік экономикадағы жағдайлар мен тәуекелдерге ұдайы мониторинг және сараптама жүргізуде, олардың нәтижесі бойынша ҚР Ұлттық экономика министрлігіне және ҚР Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар жіберіледі, деп хабарлады «Экономикалық зерттеулер институты»АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Әсет Ерғалиев ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Тамыз , 13:49

«Экономикалық зерттеулер институты тұрақты түрде әлемдік  экономикадағы жағдайлар мен тәуекелдерге ұдайы мониторинг және  сараптама жүргізуде. Біз ұдайы ҚР ҰЭМ мен  Президент әкімшілігіне сараптамалық хаттар жіберіп тұрамыз. Мәліметтерде Қазақстанның және әлемдік экономиканың көрсеткіштері көрсетілген. Мұнда біз мәліметтерді сараптамадан өткізіп, ұсыныстар жіберудеміз»,-  деді А. Ерғалиев.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика