Халықаралық интеграция

Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ АБУ қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасайды

Қазақстан Үкіметі мен МАГАТЭ АБУ қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасайды, деді Қазақстан аумағында МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қою салтанаты барысында ҚР СІМ Ерлан Ыдырысов.
Астана қаласы27 Тамыз , 13:41

«Жалпы, аз байытылған уран банкі лаңкестік өкілдерінің қызығушылығын арттыратын көз. Біз МАГАТЭ және өзге серіктестіктермен бірігіп аталмыш материалдарға қандай да бір қолжетімділік берудің алдын алуды қамтамасыз етеміз», - деді ҚР СІМ басшысы.

Е.Ыдырысов атап өткендей, Қазақстан Үкіметі, құқыққорғау органдары, арнайы қызметтер елде қауіпсіздік сақтау үшін жұмыс істеуде. «Бірқатар шаралар кешені мен елдің ішінде құрылымдар кешені бар, олар кәсіби түрде, күн сайын лаңкестікке қарсы жұмыстың алдын алуымен айналысады. Қазақстан өңірлік және жаһандық құрылымдардың қатысушысы болып есептеледі. Оның ішінде : ШЫҰ, ТМД лаңкестікке қарсы орталығы, Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім ұйымы, ядролық қауіпсіздік саммиті», - деді ол.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика