Дәйекті де болжамды сыртқы саясат

Минскіде Наурыз мерекеленіп, Қазақстанның халықаралық бастамаларына арналған фотокөрме ашылды

Минск қаласында Беларусь ұлттық техникалық университетінің бас ғимаратында ҚР елшілігінің ұйытқы болуымен Наурыз мерекеленіп, оның барысында Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық бастамаларына арналған фотокөрме ашылды.
Әлемде29 Наурыз , 00:00

Іс-шараға Беларусьтің жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, қазақ диаспорасы, қазақстандық студенттер мен курсанттар, шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Ұлттық техникалық университет проректоры Александр Цыганов өз сөзінде осындай іс-шаралар белорустарға қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, тұрмыс-салтымен, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық сахнадағы бастамалары, оның ішінде маңызды орын алатын Еуразиялық экономикалық одақ сияқты идеяларымен көрнекі түрде танысуға мүмкіндік беретінін тілге тиек етті.

Қонақтарға Қазақстан туралы кітаптар мен жарияланымдар, қазақстандық-белорустық ынтымақтастыққа арналған материалдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауының мәтіні бар кітапшалар ұсынылды. Университетттің фойесінде орнатылған экранда «Қазақстан Республикасы Президентінің уақыт пен өзі туралы толғаныстары» және «Полет длинною в 20 лет» фильмдері көрсетілді.




Яндекс.Метрика