Халықаралық интеграция

ҚР-да Аз байытылған уран банкінің құрылуы - әлемдік тұрақтылыққа қосылған үлес – Школьник

Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы бастамасы әлемдік тұрақтылыққа қосқан үлесі, деді Қазақстан аймағында МАГАТЭ аз байытылған уран банкін құру туралы ҚР Үкіметі мен МАГАТЭ халықаралық агенттігі арасында болған отырыс барысында Энергетика министрі Владимир Школьник.
Астана қаласы27 Тамыз , 13:32

«Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы бастамасы әлемдік тұрақтылыққа қосқан үлесі. Қазақстан өз аймағындағы ірі арсеналды ядролық қарудан бас тартқан ел ретінде ядролық державалардың сенімін тудырады. Сондықтан да жанармай банкінің біздің елде жүзеге асуы әлемдік тұрақтылыққа қосқан үлес болып есептеледі», - деді ол.

Энергетика министрі атап өткендей, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ядролық лаңкестікке қарсы бастамасын үнемі қолдайды.

«МАГАТЭ-мен бірігіп біздің уран өндіруші және өңдеу кәсіпорындарында табиғи уранды бақылау мен автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді ол.

В.Школьник атап өткендей, Қазақстан Қазақстан Н.Назарбаев жариялаған  ядролық қаруды қолданбау ұстанымын 25 жыл бойы ұстанып келеді.

Индира Кауметова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика