Халықаралық интеграция

Ю. Амано: МАГАТЭ АБУБ 10 жылдың ішінде тұңғыш рет барлық кеткен шығынның орнын толтырады

МАГАТЭ АБУБ 10 жылдың ішінде тұңғыш рет барлық кеткен шығынның орнын толтырады , деді Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қою рәсімінде Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Амано.
Астана қаласы27 Тамыз , 12:54

«Алда талау қыруар жұмыстар күтіп тұр, бірақ бекітілген келісім шарттарға қол қойылған соң біз құқықтық келісімге ие болып  толыққанды жүзеге асыру жұмысын бастаймыз.Мен өзге донорларға ризашылығымды білдіремін, оның ішінде Қазақстан Үкіметі де бар. Себебі, олардың үлесі МАГАТЭ АБОБ-тың пайда болуына әкелді», - деді ол.

«Қазақстан уран өндіруші ірі мемлекеттердің бірі, қажетті технологиялар мен қондырғылар бар. Қазақстан аз байытылған уран банкін орналастыруға лайық мемлекет. Бұл жерде лицензияланған ядролық алаң мен 60 жылдық тәжірибені атап өтуге болады. Сондай-ақ Қазақстан МАГАТЭ-нің сенімді серіктесі және ол ядролық қаруды таратпауды қолдайды», - деді ол. 

Ю.Амано атап өткендей, Қазақстан жаһандық ядролық қауіпсіздікті нығайтуға айтарлықтай үлес қосып келеді. 

Айта кетейік, Астанада бүгін Қазақстан мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) арсында аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылды. Рәсімге АҚШ, Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания, сондай-ақ осы жобаның донор елдеріне жататын Еуропа одағы, Норвегия, Кувейт және БАӘ өкілдері қатысты. 

«Мен аз байытылған уран банкі МАГАТЭ-нің қауіпсіздік стандарттарына сәйкес жұмыс істейтініне сенімдімін», - деді ол.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика