«Қазақстанда еркін баға айналымы туралы хабарланғанға дейін Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры бірнеше рет мәлімдеме жасады. Олардың барлығы теңге тым жоғары бағаланғанын айтты және одан кейін жүргізілген жұмыстарға оң бағасын берді. Осы ретте біз инвесторлар қызығушылығының төмендеуін немесе олардың азаюын күтпейміз, керісінше теңге бағамын еркін айналымға жіберу және жаңа қаржы-несиелік саясатын жүзеге асыру Қазақстанды инвесторлар үшін тартымды ететініне сенімді болуымыз керек», - деді Н.Радостовец.
Қауымдастық басшысы атап өткендей, Ұлттық банк бағамды қолдап отырған жағдайда инвесторлар нарыққа деген дәстүрлі емес қадам. Сондықтанда инвесторларға теңге бағамын төмендету тек пайдалы.
«Бұл бәрібір уақытша жағдай, бәрібір бағам өзгереді. Жалпы, инвесторларға өндірісін дамыту үшін теңге бағамының өзгеруі тек пайдалы», - деді Н. Радостовец.
Анар Тәңірқұлова