Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

2016 жылдан бастап Қазақстанда бірыңғай мектеп формасын енгізу жоспарлануда – ҚР ИДМ

2016 жылдан бастап бүкіл республика аумағына бірыңғай мектеп формасын енгізу жоспарлануда, деп хабарлады инвестициялар және даму министрлігі.
Казахстан27 Тамыз , 17:04

Бұл шешім көптеген ата-аналардың қазіргі мектеп формасының сапасы мен бағасына қатысты шағымдарына көптен күтерген жауап болды. Ата-аналардың пікірін отандық тігін компаниялары да қолдады, өйткені форманы тігуге тапсырыс жергілікті өндірушілерді құр алақан қалдырып,  шет елдерге кетіп отыр. Егер осыған дейін әр мектеп оқушыларының киімін өзі таңдаған болса, енді барлығына бірдей ортақ талап қойылатын болады. Бұл мектептердегі өте алабажақ трикотаж түстерді жойып қана қоймай, форманың өзін халықтың барлық тобына қолжетімді етпек.   

Бұл бастаманы отандық өндірушілермен бірлесе отырып, бірнеше жыл бойы ҚР ИДМ «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі»  «NADLoC» АҚ ілгерлетіп келеді. Мектеп формасының нарығына жан-жақты талдау жасалды, оның көлемі мен болашағы зерттелді.  Осы бастамаға қолдау көрсету туралы өтінішпен ҚР БҒМ және Паламент депутаттарына бірнеше хаттар жіберілді. Нәтижесінде пайдалынатын мата мен керек-жарақтардың сапасна бағдарланғкан бірыңғай мектеп формасының үлгісін, ыңғайлылығы мен қолайлығын белгілеуге, және ең бастысы, барлығына қолайлы баға белгілеуге мүмкіндік береді.   

Әрбір оқу жылының алдында мектеп формасы өзекті тақырыпқа айналады. Бұл маусымдық тауар. Оқушыларға арналған киімдерді сатудың шарықтау кезі шілде мен тамыз айларына келеді. Жиынтықтың орташа бағасы 10 000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін құбылады. Қазақстанда бәріне ортақ бірыңғай мектеп формасы жоқ – әрбір орта мектепте ата-ана комитеті шешімінің негізінде өзінің киім үлгісі қабылданған.   Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының ақпараты бойынша Қазақстанның сауда желілерінде Қырғызстаннан, Түркиядан және Қытайдан әкелінген мектеп формасы сатылады. Олар сертификатталмаған және  санитарлы-эпидемиологиялық станция қорытындысы жоқ, синтетикалық материалдардан жасалған, қауіпсіздік көрсеткіші мен шикізат құрамы бойынша нормативті құжаттар талаптарына сәйкес келмейді.

Бірыңғай мектеп формасын енгізу – ол жарты жұмыс. Болашақта оқушыларға арналған форманы тігуге тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіп компаниялары арасында ғана орналастыруды міндеттеу қажеттілігі туралы мәселені шеу қажет.

"Қазақстан тоқыма индустриясы саласында үлкен мүмкіндіктерге ие. Елдің нарығында сыртқы киім, оның ішінде мектеп формасын тігу бойынша 370 компания жұмыс істейді. Отандық тігін компаниялары тұтынушыларды қолдауға және сапалы формамен қамтамасыз етуге дайын. Оқушыларға шет елдік өндірушілерден киім сатып алу республикадан капиталдың сыртқы шығуына әсер ететінін барлығы түсінетініне сенімдіміз.  Осы орайда, ата-аналар, мұғалімдер, әкімдіктер, барлық мүдделі тараптар тапсырыстардың отандық тігін компанияларына түсуі үшін барлық-күш-жігерлерін жұмсауы тиіс.  Осылайша біз жұмыс орындарын арттырамыз және Қазақстанның экономикасында қаржыларымызды сақтаймыз", - деп атап өтті «Жергілікті қамтуды дамытудың Ұлттық агенттігі»  «NADLoC» АҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Бектүргенев.  

Елімізде мектеп жасындағы  2,5 миллион бала бар екен. Отандық компаниялар үшін бұл жеңіл өнеркәсіпті сақтап қана қоймай, сонымен бірге тұрақты айналым арқасында сапалы өсімін қамтамасыз ететін үлкен нарық болып табылады.




Яндекс.Метрика