Халықаралық интеграция

Д.Мезенцев: Трансшекаралық қылмыспен күрес – ШЫҰ басымдығы (Фото)

ШЫҰ басымдығы: өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамту, трансшекаралық бірлескен қылмыспен күресу және заңсыз есірткінің айналымын тоқтату, деді ОКҚ-да ШЫҰ бас хатшысы Дмитрий Мезенцев.
Астана қаласы 27 Тамыз, 12:36

«ШЫҰ бас прокурорлары кездесуінің қорытындысы анық әрі айқын, себебі бұл Уфа саммитінен  кейінгі кездесу. Саммитте Үндістан мен Пәкістанның ұйымға қосылуы айтылған болатын.  Беларусь елінің статусын жоғарылату және Әзірбайжан, Армения, Непал, Камбодже сынды 18 елден тұратын «шыұлық отбасы» таныстырылды. Ұйымның басты мақсаттарының бірі Елбасы жүктеген тапсырмалар болып табылады. Оның бірі, ШЫҰ аясында көпжақты ынтымақтастық жүргізу. Басымдылыққа өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты  қамту, трансшекаралық бірлескен қылмыспен күресу және заңсыз  есірткінің айналымын тоқтату жатады», - деді ол.

ШЫҰ бас хатшысы сондай-ақ, ұйымның ынтымақтастығы көпсалалы ұйым болып есептеледі, РФ төрағалығы кезеңінің аяқталуы мен төрағалықтың Өзбекстанға өтуі  ШЫҰ құрылуының 15 жылдық мерейтойына тең келіп отыр.

Сондай-ақ, ҚР бас прокуроры Асхат Дауылбаев  ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-ші отырысында Қазақстан, ҚХР, Қырғызстан, РФ, Тәжікстан, Өзбекстан мен ШЫҰ хатшылығы мен ШЫҰ лаңкестікке қарсы өңірлік құрылымы қатысты.

ШЫҰ делегаттары басшыларының отырысы аяқталсымен ҚР Президенті Н.Назарбаевпен кездесу өтеді. Бүгін сондай-ақ, ТМД қатысушы елдері бас прокурорларының үйлестіру кеңесі өтеді.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген  Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика