Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Арқалық станциясында жол шаруашылығы жаңартылды

Арқалық станциясында теміржол жолдарының беткі қабатын қайта жаңғырту жұмыстары басталды, деп хабарлады «ҚТЖ» АҚ.
Қостанай28 Тамыз , 08:52

Құрылысшылар қолданыстағы жолдарды аршып, бағыттауыш бұрмаларды жаңартып, кірленген балласт қабатын тазалау жұмыстарымен айналысады. Р-50 ескі ағаш рельстерінің орнына Р-65 темір бетонды шпал мен білемдер төселіп, шағылтас балласт жолдарына салынады.

Сондай-ақ 19 бағыттауыш бұрмалар ауыстырылып, 300 метрден астам станциялық жолдар мен 800 метр  шамасындағы кірме жолдар қайта жаңартылады.

Арқалық станциясының бастығы Зейнеш Баймағамбетованың айтуынша жүк ағымдары күн санап арта түсуде. Күн сайын Шұбаркөл жақтан көмір тиелген жылжымалы құрамдар келіп жатады. Маусымдық астық тасымалдау және егістікті жинауға дизель отындары да көптеп жеткізілуде. Мұның барлығы да біздің кірме жолдар арқылы өтеді. Таяу арада соңғы үлгідегі станцияға айналатын түріміз бар.

«Арқалық – Шұбаркөл құрылыс желісі жобасы аясында Арқалық станциясын толығымен жаңғырту қажет. Біз өткен жылы теміржол вокзалын қайта жаңарттық. Қазіргі таңда Арқалық станциясының басталар тұсындағы тақ жолдарға рельстер төсеудеміз», - дейді «ҚТЖ» ҰК»  АҚ филиалы - Темір жол желісі құрылысы дирекциясы директорының орынбасары, Арқалық – Шұбаркөл темір жол желісі құрылысының басқарма бастығы Жомарт Тоқтаров.

Құрылысшылар жөндеу жұмыстарын бір ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.     

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика