Басқару

Жаңа ақша-несие саясаты Қазақстанның ТМК дамуын қолдайды

Теңге бағамының еркін айналымға шығуы мен енгізілгелі отырған инфляциялық шектеу саясаты тау-кен металлургиялық кешеннің ұстанымын қалыпқа келтіреді, деді ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорын қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
Астана қаласы27 Тамыз , 12:27

«Инфляциялық шектеу саясатын кезеңмен енгізу тау-кен металлургиялық саланы ұзақ әрі арзан теңгемен қамтуға мүмкіндік береді. Теңгенің еркін айналымынан қазір  экспортшы кәсіпорындар ғана емес, өңдеу өнеркәсіптері де оң әсер алып отыр. Олар ішкі және сыртқы нарықтарда душар болған шығындар қайта қалпыфна келуде. Жалпы, Ұлттық банк пен ҚР Үкіметінің ақша-несие саясаты экономикадағы теңге дәрежесінің көтерілуі мен долларсыздануға жақсы әсер бермек», - деді ол.

Оның айтуынша, инфляциялық шектеудің сәттілігі ҚР Үкіметі мен Ұлттық банктің ашықтығы мен үйлестіруіне тәуелді болады.

«Жақын арада теңге бағамы тұрақталады, инфляция бойынша бейімделуден инвесторлар ТМК –ға салу қызығушылықтары артады», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика