Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Қарағанды облысы - еліміздің индустриалды негізі

2013 жылдың 25 қазанында Орталық коммуникациялар қызметінің базасында Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Түйтейұлы Әбдішевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Қарағанды 25 Қазан, 11:15

Басты назарда облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы, аймақта мемлекеттік және салалаық бағдарламалардың іске асуы мен өзге де маңызды мәселелер.

Қарағанды өндірістің өңірі – еліміздің күшті индустриалды негізі. Мұнда көмір өнеркәсібі, энергетика, қара және түсті металлургия, химия, машина құрылысы мен ауылшаруашылығы даму үстінде.

Соңғы он жылдық ішінде облыстың жалпы аймақтық өнімі 6 есеге өсіп, 13 трлн теңгеден асты. Ал өңірдің еліміздің ЖІӨ үлесі 8,4% құрайды. Бұл республика көлемінде 4 орын.

Өңір қайта өңдеу өнеркәсібінің республикадағы жалпы көлемінің бестен бірін қамтиды. Өңірлік жалпы өнім 35 пайызды құрап, осы көрсеткіш арқылы ол республикада бірінші орында тұр. Облыстағы қайта өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсіп, жұмысшы басына шаққанда 120 мың долларға жетті. Осы көрсеткіш арқылы да Қарағанды облысы бірінші орында. Металлургия және кен өндіру өнеркәсібі елдің негізгі күші. Осыған облыстың 70 пайыздан астам өндіріс өнімі кіреді. 
Президент жолдауының негізгі басым бағыттарының бірі үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы. Елдің индустриалдандыру картасына енгізілген 75 инвестициялық жобасы өңірге 3 млрд доллардан астам қаражатты инвестициялауға мүмкіндік береді. ҮИИД МБ аясында облыста «Сары Қазына» - катод мысы өнеркәсібі, Borusan Makina Kazakhstan – Caterpillar техникасын жөндеу мен қайта құру компаниясы, «NORD Пром НС» ЖШС – темір жол шпалын өндіру кесіпкерлігі, «Kaz-metiz» болат арқандар шығару кәсіпкерлігі жобалары жүзеге асырылды.

2012 жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпірде облыстың жаңа нысандарын бастау стандарты берілді – соның ішінде «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы да бар.

2010 жылдан бастап облыста 750 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілді. 2013 жылы бұған тағы 286 мың шаршы метр қосылмақ. 
Облыс білім беру мен инновацияда көшбасшы болып табылады. 2010 жылдан бастап 17 оқу орнына қосарланған білім беру енгізілді. Өңірде мәдениет пен өнердің дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Облыс – үлкен спорттың отаны. Қарағанды облысы бойынша 48 мыңнан астам спортшы түрлі дәрежедегі сайыстарға қатысып, 6 мыңнан астам медальға қол жеткізді.

 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика