Басқару

ҚР Үкіметі тарифтерді қатыру бойынша шаралар кешені жасақтауда

Қазақстан Үкіметі тарифтерді қатыру немесе табиғи монополиялардың тарифтерінің өсімін тоқтату бойынша шаралар кешенін жасақтауда, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Кенөндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындары қауымдастығының президенті Николай Радостовец ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.
Астана қаласы27 Тамыз , 12:21

«Бұл жаңа экономикалық ойлау және оны барлығымыз орындауымыз керек. Бүгінде біз барынша доллардан кету керек жағдайдамыз, барлық есептесуді теңгелей жүргізуіміз керек,  яғни әр адам бұрынғыша өмір сүруге болмайтынын түсіну керек», - деді Н.Радостовец.

Оның айтуынша, Үкімет көп елдердің тәжіибесі бойынша, атап айтқанда Түркия, Бразилия, Австралия, Ресей сияқты тарифтерді  қатыру немесе табиғи монополиялардың тарифтерінің өсімін тоқтату бойынша шаралар кешенін жасақтауда.

«Бұл өте маңызды және оны жүзеге асыру керек, себебі Ресей рубльдің құлдырауы сияқты оқиғамен бетпе-бет келді. Біріншіден оның әсерінен табиғи монополиялардың мултипликативті әсері төмендеп кетті. Бір жылға тарифтер бойынша барлық өзгерістер қалдырылды. Қазақстанда да осындай тәжірибені жүзеге асыру керек, мәселен KEGOC – электрэнергиясын тарату бойынша тарифтерді 2015 жылдың 1 қарашасынан бастап 17%-ға арттыру бойынша өтініш жасадық, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚТЖ тарифтерді көтеруді көздеп отыр», - деп атап өтті ол.

Н.Радостовец атап өткендей, мемлекет бұл компанияларға тарифтерді көтермеуі үшін көмектесуге тырысуда.

Анар Тәңірқұлова




Яндекс.Метрика