Дүниежүзілік сауда ұйымына ену

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі металдарға деген баж салығын 300 пайыздан 25 пайызға төмендетеді

Қазақстанның ДСҰ-ға енуі металдарға деген баж салығын 300 пайыздан 25 пайызға төмендетеді, деді ОКҚ брифингінде Кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.
Астана қаласы27 Тамыз , 11:48

«Қазақстанның ДСҰ-ға енуінде қазақстандық экспортшылар жеңіске жетті. Бізде бірқатар нарықтар жабылды, ол ДСҰ мүшесі ретінде біз үшін талаптарға сәйкес емес нарықтар болатын. Оған қоса, металдар бойынша олардың баж салығы 280-300 пайызды құраған болатын. Бұл баж салығы сол жаққа сатылатын біздің өнімнің сатылу мүмкіндігін жауып тұрды»,- деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның  ДСҰ-ға енуі баж салығын 25-030 пайызға дейін қысқартады.

«Егер біздің металдар бойынша демпингке қарсы баж салынатын болса, біз бәсекелестік ортада өз өнімімізді сатуға мүмкіндік аламыз. Сондықтан да біздің ДСҰ-ға енуіміз бірқатар нарықты ашты. Екіншіден, ЕАЭО-ға ену арқылы экспортшылар Ресей порты арқылы жүк тасымалдауға мүмкіндік алды. Бұл 2015 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап біздің қол жеткен үлкен жетістіктер», - деді ол.

Анар Тәңірқұлова

 




Яндекс.Метрика