Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

ҚР ИДМ «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға байқау жариялады

Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі «Б» корпусы бойынша бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға конкурс жариялайды, деп хабарлады ведомство.
Астана қаласы27 Тамыз , 14:47

Барлығы 14 бос орын, олардың ішінде Министрліктің өзінде – 9, мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерінде – 5. Бос орындар туралы  ҚР ИДМ ресми сайтында келесі сілтеме бойынша егжей-тегжейлі білуге болады:

Жақында, баспасөз конференциясында Әсет Исекешев ҚР ИДМ қызметі ашық жүргізілетінін, оның ішінде мемлекеттік сатып алу және жұмысқа қабылдау рәсімдерін өткізуі кезінде де ашық жүргізілетінін мәлімдеген еді.

Бұдан бұрын, Министрлік геология және жер қойнауын пайдалану, атап айтқанда, іздеу әрі барлау жұмыстары саласында 16 ашық конкурс өткізді.  Тәуелсіз байқаушылар ретінде Парламент депутаттары, ҰКП мен салалық қауымдастықтар өкілдері шақырылды. Конкурстардың нәтижелері БАҚ-та жарияланған болатын.




Яндекс.Метрика