Халықаралық интеграция

Е.Ыдырысов: Қазақстан өзін халықаралық қауымдастықта ядролық қарудан азат ел ретінде таныстырады

Біз ядролық қарудан босатылған ел ретінде бейбітшілік үшін күрескіміз келеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанда аз байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қою рәсімінде ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов мәлім етті.
Астана қаласы27 Тамыз , 11:26

«Банк ерекшелікке ие, себебі осыған дейін дәл осындай банк ашу тарихта болған емес, бұл өте үлкен шыдамдылық пен сабырлықты қажет етті, оның барлығы осындай жағдайды көруге мүмкіндік бердіПрезидент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында уран банкін құру бастамасына үлкен қолдау көрсетті. Біздің тәжірибе, біздің тарих ескеріле отырып, Қазақстан алғашқы күндерден-ақ аз байытылған уран банкін құру үшін лайықты ел деп танылды»,- деді ол.

Оның айтуынша, біз банкті еліміздің аумағында орналастыруға келісім бердік.Қазақстан өзін халықаралық қауымдастықта ядролық қарудан азат әлем үшін күресіп жүрген ел ретінде танытып жүр.

«Біз ядролық қарудан бас тарттық. Президент бүкіл ядролық полигондарды жабу туралы шешім қабылдады. Бұл екі шешімді де ел азаматтары қолдады. Біз БҰҰ-ның Семей полигоны жабылған күнді мерекелеу жөніндегі бастамасына қолдау көрсеткіміз келеді», - деді Е.Ыдырысов. 

Айта кетерлігі, Қазақстан өз аймағында алаң ғана ұсынып қоймай, білікті ұжым, күзет, электр қуаты, коммуникацияны да қамтамасыз етеді. Қазақстандық тараптың ағындағы шығыны жобаны жүзеге асыру бойынша 250 мың долларды құрады. Қазақстан банктің мақсаттарына МАГАТЭ ядролық қауіпсіздігі қоры арқылы қаржылық қолдау көрсетуде. Оның жалпы құны 500 мың доларға жетті.

Индира Кауметова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика