Халықаралық интеграция

ҚР Үкіметі мен МАГАТЭ Қазақстан аумағында төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойды (ФОТО)

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Қазақстан үкіметі және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігі (МАГАТЭ) арасында Қазақстанның аумағында МАГАТЭ төмен байытылған уранның банкін (ТБУБ) құру туралы келісімге қол қойылу рәсімі өтті.
Астана қаласы 27 Тамыз, 11:14

Салтанатқа Ұлыбританияны, Қытайды, Ресейді, АҚШ-ты және Францияны, сондай-ақ жобаның демеуші елдері ЕО-ны, Норвегияны, Кувейтті, БАӘ-ні қоса алғанда, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұрақты мүше мемлекеттер өкілдері қатысты. Ал, келісімге Қазақстан атынан ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, МАГАТЭ атынан – Ұйымның Бас директоры Юкия Амано қол қойды.

«Біз дәл қазір әлемдік масштабтағы оқиғаның куәгері болдық, себебі банкті құру ол тарихи оқиға», – деп ағынан жарылды ҚР сыртқы істер министрі Е. Ыдырысов,

ҚР СІМ басшысының айтуынша, төмен байытылған уран банкі әлемдік атом энергиясының даму игілігі үшін жұмыс істейтін болады және жаһандық ядролық қауіпсіздікке өз үлесін қосады.

«Біз сөзсіз сезімтал технологиялардың таралу тәуекелін төмендетіп отырмыз, атап айтқанда ядролық жанармайдың таралуын. Өзімнің және ҚР Үкіметі атынан донор-мемлекеттер Кувейт, БАӘ мен АҚШ жобаға қосқан үлестері үшін алғысымды айтамын. Біз ядролық энергия мен ядролық қару-жарақтарды тараптау саласында одан ары ынтымақтастық орнатуды асыға күтудеміз», – деп атап өтті Е. Ыдырысов.

Айта кетерлік жайт, ТБУБ дүниежүзі елдерінің атом электр станцияларына арналған отынға сенімді түрде қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Банк Өскемендегі Үлбі металлургиялық зауыты (ҮМЗ) аумағында орналасатын болады.

Үлбі металлургия зауыты –ҚР-ның атом саласында  65 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын. Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті. 

Индира Кауметова





Яндекс.Метрика