Халықаралық интеграция

Астанада ШЫҰ мүше елдері бас прокурорларының 13-отырысы хаттамасына қол қойылды (Фото)

Астанада ШЫҰ мүше елдерінің бас прокурорлары 13-отырысының хаттамасына қол қойылды.
Астана қаласы 27 Тамыз, 11:00

«Отырыста орын алған пікір алмасу, ұсынылған идеялар біздің мемлекеттеріміздің өзара тиімді ынтымақтастығына оң әсер етеді деген ойдамыз. Олар біздің халықтар арасында ынтымақтастықтың қалыптасуы үін жаңа платформа әзірлейді. Қазақстан Прокуратурасы қылмысқа қарсы күресте барлық әдістерді қолданады, ол ел ішінде де халықаралық аренада да мәселе көтеруге дейін жеткізіледі», - деді ол.

ҚХР Жоғарғы халық прокурорларының бас прокуроры Цао Цзяньмин атап өткендей, келесі ШЫҰ бас прокурорларының 14-ші отырысы Қытайда өтеді.

«Мен ШЫҰ мүше елдерінің барлық қонақтарын қарсы алу құрметіне ие боламын. Біз қазір ШЫҰ ең маңызды мәселелері мен Хайнань провинциясында саммит ткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Цао Цзяньмин.

Отырысқа қатысушылар ШЫҰ мүше елдерінің прокурорлар жұмысының тәжірибесімен бөлісті.

Қатысушылар заманауи әдістермен лаңкестік пен эксремизмді жоюға болатындығын айтып өтті.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика