Инфрақұрылымның дамуы

Павлодар облысында дәрігерлік амбулатория мен жалпы білім беру мектебі ашылды

Павлодар облысында екі әлеуметтік маңызы бар нысан – дәрігерлік амбулатория және жалпы білім беру мектебі салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар27 Тамыз , 12:09

Ақсу қаласының ауылдық аймағы Жолқұдық ауылында Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен дәрігерлік амбулатория салтанатты түрде есігін айқара ашты.

Жаңа дәрігерлік амбулатория «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» және «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламаларын іске асыру аясында салынып отыр.

Дәрігерлік амбулаторияның құрылысын мен құрал-жабдығына жергілікті бюджеттен 110 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Ауылдық амбулатория ауысымына 100 адам қабылдауға есептелген.

«Жолқұдық ауылының барлық тұрғындарын жаңа амбулаторияның ашылуымен құттықтаймын. Бұл дәрігерлік амбулатория заманауи құрал-жабдықпен жарақталған. Соңғы жылдары Павлодар облысында денсаулық сақтау мәселесіне баса назар аударылуда. Үш жылда «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункттер және емхана» бағдарламасын іске асыру аясында 14 медициналық нысан ашылды. Бүгінде облысымызда 7 дәрігерлік амбулатория салынып жатыр, олардың 3-еуі облыстық бюджет қаражаты есебінен салынуда. Бүгінгі таңда 5 нысан пайдалануға берілді, қалған 2-еуі жыл соңына дейін тапсырылмақ. Сондай-ақ қазан айында Павлодар қаласында облыстық перинаталдық орталықтың корпусы пайдалануға беріледі»,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Бұл күні облыс әкімі Қанат Бозымбаев сондай-ақ Ақсу қаласының ауылдық аймағы Қалқаман кентінде жаңа жалпы білім беру мектебінің ашылу салтанатына қатысты.

«Сіздерді жаңа мектептің ашылуымен құттықтаймын. Мемлекет Басшысының көрсетіп отырған қолдауы мен қамқорлығының арқасында осындай жаңа мектептер бой көтеруде. Жыл сайын қаржыландыру көлемі ұлғайып, оқу орындарының желісі күн санап дамуда, мектептерді жаңғыртуға, олардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға, жаңа үлгідегі кабинеттер енгізуге бағытталған іс-шаралар кешені өткізілуде. Аймағымызда облыс мектептерінің желісін кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ағымдағы жылғы ақпанда Шарбақты ауданының Шарбақты ауылында 300 орындық жалпы білім беру мектебі пайдалануға берілді, 1 қыркүйекке дейін Павлодар қаласының ауылдық аймағы Кенжекөл ауылында 600 орындық және Ертіс ауданының Қызылағаш ауылында 100 орындық 2 мектеп есіктерін айқара ашпақ. Павлодар қаласында 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр»,- деп атап айтты облыс әкімі.

 




Яндекс.Метрика